Районный суд № 2 Урджарского района
Восточно-Казахстанской области

Главное меню

Авторизация



Главная Пресс-центр Алкоголизм – жағымсыз ауру.
Алкоголизм – жағымсыз ауру. Печать
пресс-центр

Алкоголизм – жағымсыз ауру.

Алкоголизм қандай кезде болса да жағымсыз ауру деуге болады. Қазіргі таңда алкоголизмге шалдыққан адамдар аз емес. Алкоголизмге шалдығу себептерінің ішінде жұмыссыздық, жанұядағы ұрыс-керіс немесе адамның өзі себепсіз арақ ішуге құмарлық білдіреді. Алкоголизмнің кесірінен жанұя тыныштығы да бұзылады, балаларының алдында әкесі немесе анасы мас болып жүрсе, балаларға психологиялық жағынан да әсер етеді, намысы тапталады, жанұясынан қашады, сабақтан калады және құқық бұзушылық, қылмыс жасауына себеп болады. Көбінесе мас адам сақтау қабілетінен айырылып, өзінің әрекеттеріне жауап бере алмайды. Соның  кесірінен айналасындағы адамдардың, тұған-туыстарының мазасын алып, былапыт сөйлеп, құрметтемеушілік білдіріп, тыныштықтарын бұзады. Осындай жағымсыз әрекеттер құқық бұзушыны жауапкершілікке әкеп соғады.

Сонымен қатар, арақ ішуден бас алмайтын адамдар емханада дәрігер-наркологта тіркеуге алынады. Бірақ тіркеуге алынған адам әдеттегідей өз еркімен емделуден бас тартады. Сондықтан, дәрігер-нарколог өз тарапынан алкоголизмге шалдыққан және ерікті түрде емделуден бас тартқан адамды еркінен тыс емдеуге емдеу мекемесіне жіберуге ұсынады. Дәрігер-наркологтын бұндай құқығы «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық  дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз түрде емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі №2184 Заңымен белгіленген. Бұл ұсыныс сотта қаралады, алкоголизмге шалдыққан адам мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға екі жылға дейін, ал қайтара жіберілген жағдайда үш жылға дейін мерзімге жіберілуі мүмкін.

Үржар ауданының №2 сотында 2013 жылдың қантар айынан бастап еркінен тыс емдеуге емдеу мекемесіне жіберу туралы екі адамға қатысты ұсыныстар қаралған. Атап айтқанда, азамат Н., 1965 жылы тұған, 2008 жылдан бастап емханада дәрігер-наркологта тіркеуде тұр. II, III дәрежедегі алкоголизм ауруымен аурады. Өз еркімен емделуден бас тартады. Үнемі арақ ішімдігін ішіп, тұған апайына аузына келген былапыт сөздер айтып, тыныштығын бұзады, тапқан табысының бәрін ішімдік алуға жұмсайды. Бұрын, бірнеше рет мас күйінде құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соттың 25 қантар 2013 жылғы қаулысымен дәрігер-наркологтың ұсынысы қанағаттандырылып, азамат Н. алты айға еріксіз түрде емдеу үшін мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға жіберілген.

Алкоголизм азаматтардың денсаулығына, еліміздің тектілік қорына залал келтіретін және қылмыстың өсуіне себепші болатын дерттер болып табылады. Сондықтан, ішімдікке құмарлық білдірмеңіз ағайын!

Үржар ауданының №2 аудандық сотының

бас маманы Асем Саржанова

 
Как вы оцениваете работу сайта?
 
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Main page Contacts Search Contacts Search